"Бір әйелді қарық қылып ал": Бүркіт өнердегі әріптестерін әбден сынап тастады

4 қараша, 2025 / Admin
ашық дереккөзден

Танымал әнші Бүркіт қоғамда жиі талқыланатын отбасы және көп әйел алу мәселесіне қатысты өз пікірін білдірді.

Өнер иесі бірнеше әйел алуды қолдайтындарға қарсы шығып, ең алдымен бір әйелдің өзіне бақыт сыйлай білу маңызды екенін айтты.

“Әуелі бір әйелді қарық қылып алыңдаршы. Бір әйелді бақытты ету – үлкен ерлік. Қазақтың санын көбейту туралы айтылатын әңгімелердің көбі – бос сөз. Баланың саны көп болғаннан пайда жоқ, егер оның тәрбиесі дұрыс болмаса. Ең бастысы – сапалы ұрпақ өсіру. Баламен таңнан кешке дейін бірге болып, оған көңіл бөлу, сабағын қарау керек”, – деді әнші.

Желі қолданушылары Бүркіттің бұл пікірін қолдап, “шындықты айтты” деп баға берді. Кейбірі оның сөзін қоғамдағы маңызды отбасылық құндылықтарды еске салған мәлімдеме деп атап өтті.

Тэгтер:

Тұрсынбек Қабатов Бүркіт