Тұрсынбектің қызы әкесінің "екінші әйеліне" қатысты хабарға тосын "жауап берді" (ФОТО)

3 қараша, 2025 / Admin
ашық дереккөзден. Суретте: Тұрсынбек Қабатов пен қыздары

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы әлеуметтік желіде көпшілікті таңғалдырған әрекет жасады.

Threads желісінде Сымбат есімді қолданушы “Мөлдірдің қызы тоқал туралы жазбаны репост жасапты” деген хабар таратқан. Кейін ол бұл жазбаның скриншотын жасап, Tiktok парақшасында бөліскен.

Желі қолданушылары бұл әрекетті Мөлдір Мұқан мен Тұрсынбек Қабатов арасындағы ажырасу жайлы соңғы сұхбаттармен байланыстырып, түрлі пікір білдірді.

Еске сала кетейік, әнші әрі продюсер Мөлдір Мұқанова жуырда журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында Тұрсынбек Қабатовпен ресми түрде ажырасып кеткенін ашық айтқан болатын. Оның сөзінше, некенің бұзылуына дейін ерлі-зайыптылар арасында күрделі кезеңдер мен түсініспеушіліктер орын алған.

Тэгтер:

Тұрсынбек Қабатов