Өзбек бапкері қазақ боксы туралы ел күтпеген шындықты жайып салды

Өзбек бапкері қазақ боксы туралы ел күтпеген шындықты жайып салды

фото: instagram.com/boxinguzbekistan_official

Бокстан Өзбекстан ұлттық құрамасының аға бапкері Рахматжон Рузиахунов World Boxing әлем чемпионатында Қазақстанмен болған бәсеке туралы пікір білдіріп, қазақ бокс мектебінің деңгейін жоғары бағалады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"Оларда өте мықты мектеп бар. Қазақ бокс мектебі – өте күшті. Мен әрдайым айтамын, бәлкім жүз рет айтқан шығармын: біз – Месси мен Роналду сияқтымыз, үнемі бір-бірімізбен бәсекелесеміз. Мұндай көршілердің болғаны жақсы, өйткені біз олардан үйренеміз, олар да бізден үйренеді. Үнемі еңбектеніп, осындай жетістіктерге бірге жетіп келеміз", – деді бапкер.

Айта кетейік, Ливерпульде өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 7 алтын медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Өзбекстан құрамасы алты алтынмен екінші орынға тұрақтады.