"Маған жазған": Мөлдір Тұрсынбектің "тоқалы" туралы тың деректі айтты (ВИДЕО)

3 қараша, 2025 / Admin
әлеуметтік желіден. Суретте: Тұрсынбек Қабатов

Танымал продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқан экс-күйеуі Тұрсынбек Қабатовқа қатысты тосын хабарды айтты.

Осыдан біршама уақыт бұрын әлеуметтік желіде "Мен Тұрсынбек Қабатовтың тоқалымын. Маған қысым көрсетіп жатыр" деген видео тараған еді. Алайда бұл видео еш шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Мөлдір Мұқан журналист Жанар Байсемізге берген сұқбатында айтты.

"Ақпараттық таратқан қыз ол емес. Сол кездерде маған жазған екен. Мен жауап қайтармадым. "Мен сізді бар болмысыммен жақсы көремін. Әзіл түрінде шығарғна видеом еді. Былай тарап кетеді деп ойламап едім" деп жазыпты. Ол қыздың Тұрсынбекке еш қатысы жоқ. Енді жас қой. Қателесіп кеткен болар. Ол шығарған қыздың әрекетіне ренжімеймін. Қазір әлеуметтік желіде қалай танылып кетсем, қалай жұлдыз боп кетсем деп әрекеттенеді ғой. Одан бетер дүниелер жетеді ғой әлеуметтік желіде. Әлеуметтік желіні ұстай алмайсың қазір", – деді Мөлдір Мұқан.

Тэгтер:

Тұрсынбек Қабатов Мөлдір Мұқан