"Көңілдесі бар… Қымбат шуба, бриллиант, бәрі соның үстінде" – Мөлдір шындықты жайып салды (ВИДЕО)

2 қараша, 2025 / Admin
ашық дереккөзден

Продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқан журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында Тұрсынбек Қабатовпен некесі мен отбасылық өміріне қатысты бұрын айтылмаған шындықтарды жайып салды.

Эмоциясын жасыра алмаған өнер иесі сұхбат барысында көз жасына ерік берді.
«Көңілдесі бар. Пәтер алып берген, көлік алып берген. Қымбат шуба мен бриллиант – бәрі соның үстінде», – деді Мөлдір Мұқан.

Ол сонымен қатар балаларының әкесін қатты сағынатынын айтты.
«Қазір балалар жиі жылайды. Сағынады. Фотоға түсіп, “Папаға жіберейікші!” дейді. Бірақ ол суреттер оған қызық емес. Папасына фото жібере алмаймыз, себебі бәрімізді блоктап тастаған», – деді ол өкінішпен.

Мөлдір Тұрсынбекпен бірге өткізген жылдарын еске алып, өткен шақтағы жақсы сәттерге деген сағынышын да жасырмады.
«Біз бірге өткізген әдемі, махаббатқа толы жылдарды сағынамын. Бір күні Тұрсынбектен хабарлама келді: “Сонымен не істейміз, ажырасамыз ба?” деп жазыпты», – деп бөлісті әнші.