"Құдай сақтасын": Кенжебек Жанәбіловтің әйелімен билеген видеосы көпшіліктің сынына ұшырады

17 маусым, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Фото ашық дереккөзден

"МузАРТ" тобының белді әншісі Кенжебек Жанәбілов Instagram желісіндегі ресми парақшасында өз жарымен бірге би билеп, видео түсірген болатын.

«МузАРТ» тобының танымал әншісі Кенжебек Жанәбілов Instagram парақшасында жұбайымен бірге билеген видеосын бөлісіп, желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Бейнежазбада отбасылық жылы атмосфера мен өнер адамының қарапайым тіршілігі көрініс тапқан.

Көпшілік бұл видеоны жылы қабылдады. Пікір қалдырғандардың бірі: «Керемет аға, жеңешемізбен әдемі жарасып тұр!», десе, тағы бірі «Алла екі дүниенің бақытын нәсіп етсін. Жаңаөзен қаласынан жалынды сәлем!» деп игі тілегін арнады. Тағы бір қолданушы: «Круто у вас получается... Молодцы!» деп қошеметін білдірген.

Алайда, жағымды пікірлермен қатар, сын да айтылды. «Құдай сақтасын, дұрыс видео түсіріңдерші», – деп жазғандар да болды. Тағы бір желі қолданушысы: «Видео жаман екен. Ұнамады. Қорқынышты. Дұрыстасаң болар еді» деп пікір қалдырған.