Белгілі әнші Арай Әбілсейіт әлеуметтік желіде бұрынғы күйеуі, гитарашы әрі композитор Ақсұңқардың жазбасын жариялап, жұрт назарын аударды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өнер иесі экс-күйеуінің өзіне жолдаған жеке хаттарын көпшілікке көрсетіп, оның мәлімдемелерін ашық жариялады.
«Я, Раббым, шүкір! Осы балапандар дүниеге келгісі келген екен... Енді не десең де, менің қызым, ұлым деп келуші болма. Өзің көтерген шаңырағыңмен бақытты бол!», – деп жазған Ақсұңқар, ал бұл жазбаны әнші өз парақшасында бөліскен.