Белгілі продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқанова журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында алғаш рет Тұрсынбек Қабатовпен ресми түрде ажырасып кеткенін айтты.
Мөлдірдің айтуынша, некенің бұзылуына дейін олардың қарым-қатынасында ауыр кезеңдер болған. Ол бір сәтте эмоциясын ұстай алмай, өмірімен қош айтыспақ болғанын да жасырмады.
"24-қабаттан секіріп кетпек болдым. Сол сәтте Тұрсынбек мені тоқтатты, қолымнан ұстап қалды. Бұл – өмірімдегі ең қиын кезеңдердің бірі еді. Ол кезде шетелге алғаш рет барып келген уақыты болатын. Дубайға жұмыс бабымен барған. Біз бәріміз қуанып, шығарып салдық. "Құтты сапар болсын" деп тілек айттық. Ал оралған соң, Дубайда көлікпен жүрген видеоларын көрсетті. Сол сәтте видеода қасында бір адамның тұрғанын байқадым. "Қане, артқа жылжытайықшы" деп айтқанымда, ол қатты абыржып қалды. Сол кезде мен өзімді ұстай алмай, терезеге қарай жүгірдім", – деді Мөлдір Мұқанова көзіне жас алып.