"Қандай сорақылық": Қостанайда студенттерді емтиханнан соң бірден әскерге алып кетіп жатыр (видео)

17 маусым, 2025 / Ахмет Қанатұлы

Әскерилер жастарды емтиханнан соң әскерге алып кетіп жатыр.

Қостанайдағы құрылыс колледжіне әскери комиссариат өкілдері студенттер емтихан тапсырып жатқан сәтте аудиторияға кіріп келген.

Желіде тараған видео авторының айтуынша, бұл - студенттердің қорытынды емтиханы болған. Ал оқу 30 маусымға дейін жалғасуы тиіс. Соған қарамастан, 3-курс студенттері әскерге топ-тобымен әкетілген.