Шерхан Қалмырзаның анасы өзін сынап жатқандарға өткір жауап берді (ВИДЕО)

Бүгін, 11:35 / Ахмет Қанатұлы
sportinside.kz коллажы

"Қайрат" футбол клубының жас қақпашысы Шерхан Қалмырзаның анасы Сәуле Рабаева әлеуметтік желідегі парақшасында жүрекжарды жазбасын бөлісті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Ол өз жазбасында адамдардың сыншыл көзқарасына мән бермей, өмірдің мәнін тазалық пен шынайылықта көруге шақырды.

"Жаның сұлу болсын, тәнің саған режімес кейін! Өз өміріңнің тазалығына қарашы бүгін. Бақыт тілеймін баршаңызға! Өтпес маған өзгенің шіріген сөдері ғана. Батыр болсаң айтар сөзіңді ашық айтпай, отырсың коментке жазып білгеніңді! Бақытсыздың көзіне бітер қараңғылық, О Аллаһым берші барша пендеңе тек Аманшылық! Өз сөзім", – деп жазды Сәуле Рабаева.

Еске сала кетейік, бұған дейін Сәуле Рабаева көптеген паблик пен спорт сайтына өз ренішін білдірген еді. Сәуле Рабаеваның айтуынша, оның ұлымен бірге "Қайраттың" жеңісін тойлау кезінде жариялаған фото-видеоларын көптеген паблик оңды-солды пайдаланып, түрлі жағымсыз тақырыппен шығарған.

Тэгтер:

Шерхан Қалмырза Сәуле Рабаева