Қаралы хабар! Жаны жәннатта болсын! Танымал актердің отбасы қара жамылды (ВИДЕО)

30 қазан, 2025 / Admin
ашық дереккөзден

Танымал жас актер Жасұлан Әйтеннің отбасында қайғылы жағдай орын алды – өнер иесінің әкесі өмірден өтті. Бұл туралы хабар әлеуметтік желіде тарады.

Актердің әріптестері мен көрермендері оған көңіл айтып, қолдау білдіріп жатыр.

Танымал продюсер Гүлнұр Мамасарипова Instagram парақшасында актер туралы жүрекжарды жазба қалдырды. Продюсердің айтуынша, актер Жасұлан Әйтен әкесінің өмірден өткенін түсірілімнің соңғы күні естіген. Бірақ бұл туралы өзге әріптестеріне тіс жармаған екен. 

Көпшілік жас актердің отбасына көңіл айтып, сабыр тіледі.

"Әкеңнің жаны жәннатта болсын", "Иманы жолдас болсын", "Жақсы әкенің артында жақсы ұл қалды", "Жаны жәннатта болсын, сабыр берсін", – деп жазды желі қолданушылары.

Тэгтер:

Жасұлан Әйтен