WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы кубалық WBA чемпионы Эрисланди Ларамен жекпе-жекке шығады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Орта салмақтағы үш чемпиондық белбеу сарапқа салынатын бұл кездесу 6 желтоқсан күні АҚШ-тың Техас штаты, Сан-Антонио қаласындағы "Frost Bank Center" аренасында өтеді. Бұл айқас Premier Boxing Champions ұйымдастыратын PPV-шоуының екінші басты жекпе-жегі болмақ.
Кештің басты жекпе-жегінде мексикалық Исаак Крус пен америкалық Ламонт Роуч кездеседі.
Айта кетейік, Жәнібек пен Лара арасындағы жекпе-жек жеңімпазы орта салмақта бірден үш тұжырым бойынша әлем чемпионы атанады. Ал барлық белбеуді біріктіру үшін оған тек WBC титулын, яғни қазіргі чемпион Карлос Адамеске тиесілі белбеуді жеңіп алу қажет.