Шерзат Полат ісінде жәбірленушілер тарабының адвокаты болған Мейірман Шекеев 23 жылға сотталған Абзал Шынасылға қатысты арыз жазатынын айтты.
"Біз жәбіренушілердің өкілдері ретінде алдыңғы қатарда отырмыз. Дәп кімге қарап бағытталғаны белгісіз. Мысалы, мен өзіме қабылдадым. Абзал маған қарап істеп тұрғандай көрінді. Ол тарсылдатып, әйнекті сындырып жібере жаздады. Біз ішінде отқаннан кейін Бағдагүл ханым дірілдеп тұрып қалды. Қауіпсіздік қызметкерлері келіп бізді бір қауіпсіз бөлмеге алып кетіп қалды.
Жесть болды. Мен осыған қатысты өтініш хат, арыз түсірейін деп оытрмын. Бейнежазбаны алдырып. Бұның бәрі жазаға тартуға негіз болатын әрекеттер", – деді Мейірман Шекеев