Танымал әнші Әли Оқапов әлеуметтік желідегі парақшасында бұрын-соңды көпшілікке көрсетпеген ерекше суреттерін бөлісті.
Онда әншінің балалық шағынан және анасы, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның жас кезінен түсірілген естелік кадрлар бар.
Жазбасында Әли анасына деген ыстық сезімін қысқа да әсерлі сөзбен жеткізді:
"Мама, туған күніңмен", – деп жазды ол суреттің сипаттамасында.
Желі қолданушылары бірден жылы лебіздерін білдіріп, Роза Қуанышқызын құттықтауларға бөледі.
"Қазақтың примадоннасы, туған күніңізбен! Денсаулығыңыз мықты болып, немере-шөберенің қызығын көріңіз!", "Сіздей өнер иесі бар ел – бақытты! Әли мен Мәди сияқты асыл ұлдарды тәрбиелегеніңіз үшін алғыс!", "Роза Қуанышқызы, сіз – қазақтың мақтанышысыз! Ұзақ ғұмыр, сарқылмас шабыт тілейміз!" – деп жазды желі қолданушылары.
Көпшілік Роза Рымбаеваны қазақ музыкасының символына балап, оның шығармашылығына, аналық мейіріміне және өмірлік ұстанымына тәнті екенін білдірді.