Бахрейнде өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы үшінші Азия ойындарында бокстан финалға шыққан спортшылардың тізімі анықталды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары жарыс барысында бірдей нәтиже көрсетіп келеді – жартылай финалда екі елдің де 10 боксшысы болған, ал енді финалдық кезеңге 8 спортшыдан өтті.
Қазақстан құрамасының финалға шыққан өкілдері:
- Аяулым Оспанова
- Камила Оспанова
- Эльнура Қонырат
- Арман Мырсабит
- Жұмағали Нұрмахан
- Досжан Жұмақан
- Даниял Шалқарбай
- Мұхамедәлі Рүстембек
Өзбекстан құрамасының финалистері:
- Кумринисо Мухаммадова
- Рушанабону Исоева
- Самира Турғунова
- Абдугани Еркинжонов
- Иброхим Шокиржонов
- Саидхужа Садиллахужаев
- Диербек Муродиллоев
- Асадбек Султанбаев
Осылайша, екі ел де 8 спортшыдан финалға өткізіп, Азия ойындарындағы бокс турнирінде тең нәтиже көрсетті.