Әлеуметтік желіде танымал әзілкеш әрі актер Жүсіп Ақшораның келінімен бірге түскен жылы лебізге толы видеосы көпшіліктің ықыласын тудырды.
Бейнежазбада қайын атасының келініне деген мейірімі мен қамқорлығы көрініс тапқан. Келіні Динара Сайлаубайқызы видеомен бірге жүрекжарды жазбасын қалдырған.
"Көмекші қайын ата. Шынында көмектесіп жүретін Атам ғой. Аллаға сансыз шүкір осындай барлық сырымды бөлісе алатын алтын атамның барына", – деп жазды ол.