Сүйінші, ағайын! Ұлттық құраманың үздігі енді әлемге әйгілі клубта ойнайды

29 қазан, 2025 / Ахмет Қанатұлы
"Тобыл" футбол клубының баспасөз қызметі. Суретте: Ислам Чесноков

Англияның әйгілі "Хартс" клубы қостанайлық "Тобылдың" жартылай қорғаушысы Ислам Чесноковпен келісімге келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Клубтың бас директоры Эндрю Маккинли бұл трансфер туралы ресми түсініктеме берді.

"Біз Ислам Чесноковпен келісімшартқа қол қойдық, ол біздің командамызға қосылады. Оны ресми түрде тек қаңтар айында тіркей аламыз, бірақ ол желтоқсанның басында-ақ командамен бірге жаттығуларға қатысады. Бұл өте жақсы мүмкіндік деп ойлаймын – ол жаңа ортаға, Эдинбургке үйреніп үлгереді. Бізді тамаша қыс айлары күтіп тұр. Сондықтан бұл – қаңтар айына арналған маңызды оқиға", – деді Маккинли.

Айта кетейік, "Хартс" қазіргі уақытта Шотландия чемпионатында көш бастап тұр. Команда басты қарсыласы "Селтикті" сегіз ұпай айырмасымен артта қалдырған. Өткен турда екі команда арасындағы кездесуде "Хартс" 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Ал Ислам Чесноков 2025 жылғы маусымда Қазақстан Премьер-лигасында "Тобол" сапында 25 матч өткізіп, 9 гол соғып және 4 нәтижелі пас берген болатын.

Тэгтер:

футбол Ислам Чесноков Хартс