"Кім сенеді маған? Шаршатты": Сәкен Майғазиевтің келіні шаршап кеткенін айтты

29 қазан, 2025 / Admin
ашық дереккөзден

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің келіні әлеуметтік желілерде өз аты-жөні мен суретін пайдаланып ашылған жалған парақшалардың көбейіп кеткенін айтып, бұл жағдайдан қатты шаршағанын жеткізді.

Ол Instagram парақшасында арнайы жазба жариялап, өзін айнытпай салған фейк парақшаларға наразылығын білдірді.

"Шынымды айтсам, шаршатты. Менін атымнан осындай сөздер жазып, менін түрімді пайдаланып, ойына келгенді жазатыны қаншалықты дұрыс? Оны басқа пабликтер менің шынайы парақшам деп ойлап, жазбаларын талқылайды. Біреудің жазған жазбаларына менің қатысым болғанын мүлдем қаламаймын. Күлкім келеді. Өзім ешқашан айтпаған нәрселерді айтты деп қойғандарына. Былай қарасаң дұрыс парақша сияқты, бірақ неліктен шын аккаунт па, жоқ па тексеріп алуға шамалары келмейді. Ұсақ-түйек нәрсе болып көрінетін шығар, бірақ менің атымнан жарнама алып жүрсе, кім сенеді маған?", – деп жазды ол.

Тэгтер:

әлеуметтік желі