Белгілі ұстаз, елге танымал мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза әлеуметтік желідегі парақшасында ағасының қызын ұзатқан сәтімен бөлісті.
Бұл қуанышты оқиға жайлы ол өз сезімін тебірене жазып, өміріндегі ең ерекше күндердің бірі ретінде сипаттады.
"Бүгін мен үшін ерекше күн! Алғаш рет өз қолыммен – ағамның алтын қызын ұзатып, ән айтып шығарып салдым. Бұл сәт менің жүрегімде мәңгі сақталады… Соңғы уақытта көп адам: "Сіз ұзатыңызшы, сіз тұсауын кесіңізші, сіздің жолыңыз берекелі" деп ырымдап жатады. Мүмкін, бұл – ниет пен жүректің тазалығынан болар… Мен үшін қыз ұзату – жай дәстүр емес, үлкен жауапкершілік. Себебі әр әнде, әр тілекте мен болашақ келіннің, болашақ ананың, болашақ жардың бақытына тілек арнаймын. Бүгін сол жолды өз отбасымнан – ағамның қызынан бастадым. Бақытты бол, менің алтын сіңілім! Жарыңмен жарасып, ата-енеңнің ақ батасын алып, әр күнің әндей әдемі, өмірің гүлдей көркем болсын", – деп жазды Ақмоншақ Нұртаза.