Қазақстан мектептерінде алғашқы әскери дайындық бағдарламасы қайта қаралып жатыр.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы Мұрат Олжабаев мәлімдеді.
Ведомство өкілі қазіргі таңда мектептерде алғашқы әскери дайындыққа бөлінетін уақыттың жеткіліксіз екенін айтты. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігі пән сағаттарын және патриоттық тәрбиеге бағытталған іс-шаралар санын арттыруды жоспарлап отыр.
"Мектептерде алғашқы әскери дайындыққа өте аз уақыт бөлінеді. Біздің министрлік оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп жаңа бағдарламаны қарастырып жатыр", – деді ол.
Жаңа бағдарлама аясында оқушылардың әскери-патриоттық рухын көтеруге бағытталған қосымша іс-шаралар мен алғашқы әскери дайындық пәнінен жеке сабақтар енгізілмек.