Елге танымал актер 41 жасына қараған шағында көз жұмды (ФОТО, ВИДЕО)

28 қазан, 2025 / Admin
ашық дереккөзден

Ресейлік актер Роман Попов 41 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Mash Telegram арнасы хабарлады.

Ол "Полицейский с Рублевки" телехикаясындағы Игорь Мухич рөлі арқылы көпшілікке танылған.

Тамыз айында Попов жеті жыл бұрын қойылған ми ісігінің қайталанғанын айтып, сырқаты жайлы бөліскен болатын. Сол кезде ол оң көзінен мүлде айрылып, сол көзінің көру қабілеті де әлсірегенін, күнделікті өмірде жақындарының көмегіне мұқтаж екенін жеткізген. Қыркүйек айында ол химиотерапия курсынан өткен еді.

Роман Попов қарапайым әрі аңғал, бірақ сүйкімді тергеуші Игорь Мухичтің рөлін сомдап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Сондай-ақ ол "Детективное агентство Мухича", "Девушки бывают разные", "Каникулы президента", "Любовь в нерабочие недели", "Бумеранг" және "Убить босса" фильмдерінде де ойнаған.

Әріптестері мен көрермендері Роман Поповты ерекше энергиясы мен табиғи юморы бар, талантты комедиялық актер ретінде еске алып, оның бейнесі ел жадында ұзақ сақталатынын жазуда.

Тэгтер:

актер қайғылы жағдай Роман Попов Игорь Мухич