Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан U23 әлем чемпионатында қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан қола медаль иегері атанды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен отандасымыз қола үшін өткен шешуші айқаста ирандық Аболфазил Бабалоны 7:1 есебімен сенімді түрде жеңіп, Қазақстан құрамасының қоржынына жарыстағы жалғыз жүлдені салды.
Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан өткен жылы дәл осы жас санатында әлем чемпионы атанған болатын. Биыл ол жетістігін тағы бір марапатпен толықтырды.
Ризабек Айтмұханның чемпионаттағы нәтижелері:
- Іріктеу кезеңі: Ибрахим Бенеколи (Түркия) – 11:1
- 1/8 финал: Аймар Егиноа (Испания) – 10:0
- 1/4 финал: Гарроуз Куекабакила (АҚШ) – 11:0
- Жартылай финал: Араш Ёшида (Жапония) – 0:10
- Қола үшін белдесу: Аболфазил Бабало (Иран) – 7:1