Белгілі продюсер әрі әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова жас отбасылар арасындағы жиі кездесетін түсініспеушіліктер мен ажырасулардың басты себебі туралы ойын айтты.
7-арнаның "Жарқыраған жұлдыз" бағдарламасында сұхбат берген ол қазіргі жастардың арасында тәкаппарлық пен сабырдың жетіспеушілігі отбасылық татулыққа кері әсер етіп жатқанын атап өтті.
"Жастарға айтарым, сол ананы сыйласа болды ғой. Әкеге күліп отырып, шайын берсе... Тырысып отырмаса, жұлынбаса... Күйеуің кешірім сұрайды ғой. Сол кезде одан да әрі асып кетіп, бетпақтық танытпай, "жарайды" деп келісе салсаң, әрі қарай жақсы әңгіме айтып, жақсы қыдырып... Кешірмей қақиып тұрып алатындар бар. Оның барлығы көкірекке байланысты ғой. Әңгіменің барлығы сол тәкаппарлыққа келіп тіреледі ғой", – деді Гүлзира Айдарбекова.