Бокстан Қазақстан құрамасының аға бапкері Ілияс Оралбеков жаңа дарынды спортшыны таныстырды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Әлем чемпиондары атанған Махмұд пен Төрехан Сабырханның бапкері Instagram парақшасында белгісіз жас боксшымен жаттығу сәтінен бейнежазба жариялаған. Видеодан жас спортшының жылдам соққысы мен мықты техникасы бірден көзге түседі.
"Мен 2015 жылы туған нағыз мықты баланы таптым. Енді нағыз шоу дегенді көресіздер – ол мүлде ерекше", – деп жазды бапкер.
Айта кетейік, Ілияс Оралбековтің жетекшілігімен Махмұд және Төрехан Сабырхандар бір әлем чемпионатында екеуі де әлем чемпионы атанып, қазақ боксы тарихында бұрын-соңды болмаған жетістікке жеткен болатын.