Халықаралық World Boxing ұйымы ресми жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Ұйымның баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес, Өзбекстан бірінші орынға, ал Қазақстан екінші орынға жайғасты.
Рейтинг қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасынан төрт боксшы өз салмақ дәрежесінде көш бастады:
- Санжар Тәшкенбай (50 кг)
- Махмұд Сабырхан (55 кг)
- Төрехан Сабырхан (70 кг)
- Айбек Оралбай (+ 90 кг)
Қалған алты салмақ дәрежесінде өзбек боксшылары үздік атанды.
"Өзбекстан рейтингтің көшін бастап, он салмақтың алтауында бірінші орынға ие болды. Қазақстан құрамасы қалған төрт салмақта үздік нәтиже көрсетті", – делінген World Boxing ұйымының ресми Instagram парақшасында.