Жатқан жері жайлы болсын! Ердос Қанаевтың отбасы қара жамылды (ФОТО)

27 қазан, 2025 / Admin
ашық дереккөзден

Әнші Бағлан Әбдірайымов әріптесі әрі жақын досы Ердос Қанаевтың отбасындағы ауыр қаза туралы хабарлады.

Өнер иесінің жазбасына сүйенсек, Ердос Қанаевтың әкесі өмірден озған.

"Қайғылы хабар! Ердостың асқартауы дүниеден озды! Отбасына қайғыра көңіл айтамыз!", – деп жазды Бағлан Әбдірайымов әлеуметтік желіде.

Көптеген желі қолданушылары әншіге жылы лебіздерін білдіріп, қайғысына ортақтасты.

Көпшілік "Сабыр берсін", "Жаны жәннатта болсын", "Ерекше тұлғаның артында иманды ұрпақ қалсын" деген жылы тілектерін білдіріп, қолдау көрсетті.

Тэгтер:

Бағлан Әбдірайымов Ердос Қанаев