"Көңілім қалды": әлем чемпионы атанған Ута Абэ аяғы ауыр өзбек қызына "қапаланды"

17 маусым, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Kyodo News via Getty Images. Суретте: Ута Абэ

Дзюдодан бес дүркін әлем чемпионы Ута Абэ Олимпиадада өзін жеңген өзбек қызы Диёра Келдиёрова туралы тосын пікір білдірді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ута Абэ турнир барысында бес жекпе-жек өткізіп, барлығында да иппон әдісімен жеңіске жетті. Финалдағы бәсекеде де ол Косово елінің танымал дзюдошысы Дистрия Красничиді мерзімінен бұрын жеңді.

Әлем чемпионатында бесінші мәрте жеңіске жеткеніне қарамастан, Абэ өзінің спорттық жолындағы ең үлкен жеңілісін еске алды. 2024 жылғы Париж Олимпиадасында ол жарысты алғашқы айналымда аяқтаған болатын – сол кезде жапон спортшысын болашақ Олимпиада чемпионы, өзбекстандық Диёра Келдиёрова жарыстан шығарып жіберген еді. Айта кетейік, өзбек қызы қазіргі маусымда жарыстарға қатысып жатқан жоқ, себебі ол аяғы ауыр екенін, көптен бері сәби күтіп жүргенін айтты.

«Олимпиададан кейінгі бұл жыл мен үшін ұзақ әрі ауыр болды. Бұл титулды жеңгім келді. Келдиёрова әлем чемпионатына қатыспағанына көңілім қалды. Дегенмен, ол жақын арада татамиге оралады деп үміттенемін. Сол кезде өз жеңілісім үшін реванш аламын!» – деді Ута Абэ әлем чемпионатының ұйымдастыру комитетіне берген сұхбатында.

Тэгтер:

Әлем чемпионаты дзюдо Ута Абэ Диёра Келдиёрова