Швецияның әйгілі актері мен музыканты Бьёрн Андресен 70 жасында көз жұмды.
Қайғылы жағдайдың себебі әзірге нақты айтылған жоқ.
Бьёрн Андресен 1955 жылы дүниеге келген. Кинодағы алғашқы рөлін 1970 жылы режиссер Рой Андерссонның "Махаббат тарихы" фильмінде сомдаған. Алайда оған әлемдік танымалдық 1971 жылы келген – ол италиялық атақты режиссер Лукино Висконтидің "Венециядағы өлім" фильмінде басты кейіпкерді ойнаған. Бұл туынды Томас Манның атақты новелласының желісі бойынша түсірілген.
Дәл осы фильмнен кейін режиссер Висконти оны "XX ғасырдың ең сымбатты баласы" деп атаған. Кейін Андресеннің өмірі мен шығармашылығына арналған "Әлемдегі ең сұлу бала" атты деректі фильм жарық көрді.