Сұмдық жағдай! Пойыз ішінде ер адам граната жарып, төрт адам қаза тапты

26 қазан, 2025 / Admin
pixabay.com

Украиналық жолаушылар пойызында ер адам граната жарды, деп хабарлайды РБК-Украина.

Оқиға Житомир облысындағы Овруч қаласы маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, құқық қорғау органдары ер адамды іздестіріп жүрген. Полицейлер оны ұстау кезінде күдікті гранатаны жарып жіберген.

Қазіргі уақытта төрт адамның қаза тапқаны, сондай-ақ екі адамның түрлі деңгейде жарақат алғаны белгілі болды.

Тэгтер:

Украина граната