"Біз араласпасақ та, қыздар әкесін іздейді": Алтынбек Қоразбаевқа қатысты ел естімеген хабар тарады

26 қазан, 2025 / Admin
Caravan.kz коллажы

Ұзақ үзілістен кейін сахнаға қайта оралған әнші Сандуғаш Стамғазиева "Астарлы ақиқат" бағдарламасында көпшілікке таныс, ел сүйіп тыңдайтын әндерін орындайтынын айтты.

Оқырманның бірі: "Сандуғаш, кереметсіз. Бірақ Қоразбаевтың қай жеріне қызықтыңыз? Небір тамаша жігіттер сізді бағалар еді ғой" деп жазған. Ал әнші оған: "Мен қызыққан жоқпын, ол маған қызықты", – деп жауап берді.

Бұған дейін әнші-композитор Алтынбек Қоразбаевпен жеке қарым-қатынасы туралы ашық айтқан болатын.

"Ол кісіден екі бала дүниеге келеді деген үш ұйықтасам, түсіме кірмеген. Маңдайыма жазылған екен. Бастапқыда ол кісі мойындамай, жария еткеніме ашуланып жүрді. Бірақ қазір бәрі реттелді. Екі қыз тұрғанда, қайда барамыз? Біз араласпаған күнде де қыздар әкелерін іздейді. Араласып тұрады. Әкелерімен ақылдасады. Мен көбіне "әкеңнен сұра, ол не айтса, сол болады" деймін", – дейді сонда Сандуғаш Стамғазиева.

Тэгтер:

Сандуғаш Стамғазиева Алтынбек Қоразбаев