"Мынадай сұмдықты кім айтты?": Ақбота Керімбекова "баласы үйден қуып шықты" дегендерге өз шындығын жеткізді

26 қазан, 2025 / Admin
ашық дереккөзден

Танымал әнші Ақбота Керімбекова әлеуметтік желіде тараған "ұлы мен келіні үйден қуып шықты" деген алып-қашпа әңгімеге нүкте қойды.

Өнер иесі бұл ақпараттың шындыққа еш қатысы жоқ екенін ашық мәлімдеп, өз шындығын айтты.

"Қайраан, Қазақтың баспасөзі… Бұқаралық ақпарат құралдарының атын жамылып, жүректі журналистиканың атын былғап, "бас-басына сайт болған" өңшең қиқым енді менің отбасымды "ойрандауға" кіріскен бе? Бұл не масқара? Ұлым мінез көрсеткен жоқ, келінімнен безінбедім, шығармашылық жоспарларыммен Астанаға көштім. Мынадай сұмдықты кім айтты? Жап-жаңа отбасын құрып, үлкен өмірге енді ғана тәй-тәйлап қадам басып келе жатқан жас отбасыны неге бұлай күйелейді? Өз анасын өзекке тебетін менің ұлдарым арсыз емес. Ұлын анасына қарсы қойып, айдап салатын тексіз емес менің келінім!.. Ендігі ісім - осы сайттармен", – деп жазды Ақбота Керімбекова.

Тэгтер:

Ақбота Керімбекова