Головкин шаршы алаңға қайтадан оралады: Боксшының жоспары мәлім болды

26 қазан, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Ethan Miller/Getty Images. Суретте: Сауль "Канело" Альварес пен Геннадий Головкин

Жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы Жан Паскаль қазақтың даңқты боксшы Геннадий Головкиннің (42-2-1, 37 КО) рингке қайта оралуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Бір ай бұрын Головкиннің боксқа қайта оралуы туралы қауесет тараған еді. 43 жастағы боксшы соңғы рет 2022 жылдың қыркүйегінде Сауль "Канело" Альвареспен өткен трилогия жекпе-жегінде жеңіліс тапқаннан бері рингке шыққан жоқ. Сол кезде ол өз пікірін білдіріп:

"Неге қайта шаршы алаңға болмасқа? Эмоционалды тұрғыда өзімді бұрынғыдай сезінемін…" – деп жауап берген болатын.

Алайда Паскаль бұл оралудың спорттық амбициямен емес, қаржылық себеппен болатынын айтады:

"Мен оны өте құрметтеймін, ол – аңыз. Бірақ төрт жыл бойы рингтен тыс болу – жоғары деңгейдегі бокс үшін өте ұзақ уақыт. Рефлекстер, тайминг, ішкі от – бәрі әлсірейді. Егер ол қайта оралса, бұл тек соңғы үлкен гонорар үшін болмақ. Ол өзінің мықтылығын әлдеқашан дәлелдеді", – деді Паскаль.

Тэгтер:

Бокс Геннадий Головкин