"Кім сенеді маған? Шаршатты": Сәкен Майғазиевтің келіні шаршап кеткенін айтты

25 қазан, 2025 / Admin
ашық дереккөзден

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің келіні әлеуметтік желіде өз атынан ашылған жалған аккаунттардың көбейіп кеткенін айтып, бұл жағдайдан әбден шаршағанын жеткізді.

Ол Instagram парақшасында жазба жариялап, өз бейнесі мен аты-жөнін пайдаланып, жалған жазбалар тарататын адамдарға наразылық білдірді.

"Шынымды айтсам, шаршатты. Менін атымнан осындай сөздер жазып, менін түрімді пайдаланып, ойына келгенді жазатыны қаншалықты дұрыс? Оны басқа пабликтер менің шынайы парақшам деп ойлап, жазбаларын талқылайды. Біреудің жазған жазбаларына менің қатысым болғанын мүлдем қаламаймын. Күлкім келеді. Өзім ешқашан айтпаған нәрселерді айтты деп қойғандарына. Былай қарасаң дұрыс парақша сияқты, бірақ неліктен шын аккаунт па, жоқ па тексеріп алуға шамалары келмейді. Ұсақ-түйек нәрсе болып көрінетін шығар, бірақ менің атымнан жарнама алып жүрсе, кім сенеді маған?", – деп жазды ол.

Тэгтер:

әлеуметтік желі