Тоқаевтан марапат алған Шавкат Рахмонов шұғыл мәлімдеме жасады (ФОТО)

25 қазан, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images. Суретте: Шавкат Рахмонов

UFC жұлдызы Шавкат Рахмонов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан мемлекеттік награда алғаннан кейін әсерлі жазба қалдырды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"Бүгін мен үшін ерекше күн. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолынан II дәрежелі "Барыс" орденін алу мәртебесіне ие болдым", – деп жазды файтер өзінің Instagram парақшасында.

Ақорданың мәліметінше, бұл марапат спортшыға Қазақстанның имиджін қалыптастыру және елді шетелде насихаттаудағы еңбегі үшін табысталған.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов – UFC-дің жартылай орта салмақ дәрежесіндегі үшінші нөмірлі спортшысы. Ол ММА-де 19 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

Спортшының соңғы айқасы 2024 жылдың 7 желтоқсанында АҚШ-та өткен UFC 310 турнирінде болды. Онда ол ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің шешімімен жеңген еді.

Тэгтер:

UFC Шавкат Рахмонов Тоқаев