Танымал әнші Қайрат Нұртас әлеуметтік желіде көптің талқысына түскен блогер Салтанат Аманқосқызына хат жазған. Бұл туралы ozgeris.info хабарлады.
Ақтаулық блогер Салтанат Аманқосқызы Instagram парақшасында өз оқырмандарымен бұл оқиғаны бөлісіп, Қайрат Нұртастың жазған хаты өзіне үлкен тосынсый болғанын айтты.
Айтуынша, ол бұрыннан Қайрат Нұртастың шығармашылығын жоғары бағалап, өзін оның фанаты санайтынын жиі айтып жүрген. Алайда соңғы уақытта жеке өміріндегі қиындықтарға байланысты әншінің концертіне бара алмайтынын жазған.
Сол жазбадан кейін Қайрат Нұртас блогердің жеке парақшасына хат жолдаған.
"Бір адамдар маған фанат болса, мен Қайрат Нұртастың фанатымын. Кеше жазғанын көріп, шок болдым. Ұшақтан түскен кезде телефоныма келген хаттарды тексерсем, Қайрат Нұртас жазыпты. Жақша болса да жіберіпті. Легенда бол! Сен Қайрат Нұртасқа жазба, Қайрат Нұртас саған жазсын. Бірақ концертіне бара алмайын деп тұрмын", – деді ол.