"Отаныма қызмет етемін": Баян Алагөзова "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағын алды

24 қазан, 2025 / Admin
instagram.com/bayanmaxatkyzy. Суретте: Баян Алагөзова

Белгілі продюсер Баян Алагөзова "Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері" атағымен марапатталды.

Өнер саласына сүбелі үлес қосып жүрген продюсер қуанышты жаңалығын өз парақшасында бөлісті.

"Достар! Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін мен үшін ерекше күн – анамның арманы орындалды! Мен “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” атағын иелендім. Бұл марапатты Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаеваның қолынан алдым. Бұл – үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік! Отаныма адал қызмет етемін!" – деп жазды Баян Алагөзова.

Тэгтер:

Баян Алагөзова