Танымал әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа суреттерін жариялады.
Қазақ эстрадасының танымал әншісі, халықтың сүйікті жұлдызы Мақпал Жүнісова желідегі парақшасында марқұм жұбайы, қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің бейнежазбасы мен суреттерін жариялады.
Желі қолданушылары Мақпал Жүнісоваға жылы лебіздерін білдіріп, Заманбек Нұрқаділовтің рухына дұға арнады.
"Дауысыңыз бұрынғыдай сыңғырлап тұр, Мақпал ханым. Заманбек ағамыздың жаны жәннатта болсын", "Қазақтың арысы еді, халық жадында мәңгі сақталады", "Сізге амандық пен ұзақ ғұмыр тілейміз, халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп жүре беріңіз", – деп жазды желі қолданушылары.