Құпия ашылды: Хасанбой Дусматов пен Геннадий Головкинді не байланыстырады?

24 қазан, 2025 / Ахмет Қанатұлы
sportinside.kz коллажы. Суретте: Хасанбой Дусматов пен Геннадий Головкин

Айтыскер ақын, спорт шолушысы Бек Шымат Өзбекстанға сапары кезінде екі дүркін Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматовпен кездескенін айтып, қызықты мәліметті бөлісті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

– Біз Әндіжанда кездестік. Ол маған: "Егер жолда полиция тоқтатса, маған хабарлас", – деді. Кейін мен Ташкентке кетіп, бәрін өз беделімен шешіп береді деп ойлаған едім, бірақ ол расында подполковник болып шықты. Сондай-ақ оның көлігінің нөмірі – 001 GGG екен. Бұл нөмірді ол Геннадий Головкиннің құрметіне таңдаған екен. Өзін Головкиннің үлкен жанкүйері санайды және оны қатты құрметтейтінін айтты", – деді Бек Шымат.

Айта кетейік, Хасанбой Дусматов – Өзбекстан бокс құрамасының көшбасшыларының бірі. Қазіргі таңда ол ұлттық құрамамен қатар кәсіпқой рингте де өнер көрсетіп жүр. Сондай-ақ оның екі дүркін Олимпиада чемпионы деген атағы да бар.

Тэгтер:

Геннадий Головкин Хасанбой Дусматов Бек Шымат