Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы Мерей Ақшалов ұлттық құраманың 2025 жылдың соңына және 2026 жылдың басына арналған жоспарларын бөлісті, деп хабарлайды Sportinside.kz.
"Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша ерлер және әйелдер құрамаларының бапкерлері команда сапын жасақтап болды. Өздеріңіз білесіздер, биылғы жарыс күнтізбеміз әлі толық аяқталған жоқ – алда бірнеше турнир бар. Ал келесі жылға қойылған басты міндет – Азия ойындары. Сонымен қатар қаңтар айының соңында Азия чемпионаты өтеді", — деді Ақшалов.
Айта кетейік, қыркүйекте Ливерпуль қаласында өткен World Boxing әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 7 алтын медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленген болатын.