Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев әлеуметтік желідегі парақшасында маңызды мәселені жазды.
"Әлеуметтік педагог жалақыға жарымай отыр! Әлеуметтік педагогтарды В3 функционалдық блогынан В2 функционалдық блогына ауыстыру үшін күресіп жүргенімді білесіздер. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында "2026 – 2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының заң жобасы қаралды. 2026 жылдан бастап әлеуметтік педагогтардың жалақысын көтеру үшін аталған заң жобасы арқылы бюджеттен 2 914 446 000 теңге сұраттым. Тиісті норманы бердім. Бұл бір бекітілсе үнемі үздіксіз төленетін қаражат! Сұраққа ҚР Қаржы министрі мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жауап берді", – деп жазды Нартай Сәрсенғалиев.