"Сіздер нақты не істедіңіздер?": Аймағамбетов көпті алаңдатқан сұраққа жауап берді

23 қазан, 2025 / Admin
Ержан Әмірханов. Суретте: Асхат Аймағамбетов

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында маңызды мәселеге жауап берді.

"Бюджетті қарағанда сіздер нақты не істедіңіздер?" деп көп адам сұрайды. Бұл орынды сұрақ. Себебі "депутаттар бюджетті қабылдады" деген сөздердің артында көбіне нақты өзгерістер мен шешімдердің мысалдары көрінбей қалады. Сондықтан 2025 жылғы бюджетті қарау кезінде біздің Комитет қандай өзгерістер енгізгенін қысқаша айтып өтейін.
Ертең келесі жылға арналған бюджет жобасындағы біздің түзетулер туралы бөлек жазба жариялаймын.

1. Денсаулық сақтау. Бастапқыда бюджет жобасында онкология мен онкогематологияны қаржыландыруда 25 млрд теңге көлемінде тапшылық болған еді. Біз бұған келісе алмадық. Себебі бұл жай ғана сандар емес – адамдардың тағдыры мен өмірі. Сондықтан қосымша қаражат бөлгіздік:

Онкогематология – лейкемия және басқа да сирек кездесетін қан ауруларына шалдыққан адамдарға арналған өте қымбат дәрілер. Олардың арасында балалар да бар. Гемодиализ – шамамен 9 мың адам үшін өмір мен өлімнің арасы. Біздің түзетуіміздің арқасында бұл саладағы қаржыландыру қысқармай, керісінше артты. Ал паллиативтік көмек – жай ғана медицина емес, адамның соңғы күндерін азапсыз өткізу құқығы. Біз хоспистер мен паллиативтік көмекті қолдау үшін қосымша қаражат бөлдік.

2. Білім беру. Бюджеттен 402 млн теңге қайта бөлініп, әр теңгенің өз мәні бар.

3. Мәдениет және қазақ тілді контент. Қазақ тіліндегі сапалы контент аз. Сол себепті біз бұл бағытқа ерекше көңіл бөлдік. 300 млн ₸ – қазақ тіліндегі анимациялық мультфильмдер жасауға және оларды интернет пен YouTube-та таратуға. Біз енгізген түзетулермен "Лидер XXI ғасыр" және "Азамат" сияқты интеллектуалды телебағдарламалар қайта эфирге оралды, сондай-ақ “Жайдарман” жобасына да қолдау көрсеттік", – деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Тэгтер:

Асхат Аймағамбетов депутат бюджет