Қазақтың танымал боксшысы Сәкен Бибосыновтың жан жарымен түскен суреті желіде тарады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Боксшының жары Назира Бейсенова TikTok желісіндегі ресми парақшасында жолдасы Сәкенмен түскен суретін жариялады.
Сәкен Бибосынов пен Назира Бейсенова осыдан 4 жыл бұрын, яғни 2021 жылы шаңырақ көтерген.
Айта кетейік, Сәкен Бибосынов 2019 жылы Екатеринбургта өткен әлем чемпионатында қола медальді еншілесе, 2021 жылы Белградта өткен әлемдік додада чемпион атанды. Сондай-ақ ол 2021 жылы Токиода өткен Олимпиада ойындарында қола жүлдеге қол жеткізді.