Жақында бокстан Қазақстан чемпионатында ерекше жағдай орын алды. Айтулы додада 5 баланың анасы Әйгерім Сәттібаева өз салмақ дәрежесінде топ жарып, чемпион атанды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Спортшының отбасылық өмір мен боксты қатар алып жүруі – таңғаларлық жайт. Оның үстіне, жарысқа тек қатысып қоймай, чемпион атануы да – үлкен белес.
Әйгерім Сәттібаева көпшілікке тек спортшы ретінде ғана емес, әйгілі боксшы Олжас Сәттібаевтың жары ретінде де таныс. Олжас – 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қатысушысы және 2015 жылғы Азия чемпионы. Екеуі бүгінде бес баланың ата-анасы, спорт пен отбасын қатар алып жүрген жұп ретінде үлгі болып отыр. Олжас өзінің жарына осы Қазақстан чемпионатында көмектесіп, жеңіске жетуіне өзінің үлкен үлесін қосты.