Британдық танымал боксшы әрі сарапшы Дэн Морли өз көзқарасы бойынша әлемнің ең мықты былғары қолғап шеберлерінің рейтингін жасап, онда бокс аңызы Геннадий Головкинді бірінші орынға қойғанын айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.
"Мен бокс өнерін күн сайын тамашалаймын. Өз парақшаларымда тарихтағы даңқты спортшылар туралы айтып, олардың есімдері ұмытылмауына атсалысуды мақсат етемін. Әрине, менің де өзім ерекше қадірлейтін, жүрегіме жақын боксшыларым бар. Олардың ер мінезі, айқас тәсілі мен өмірлік жолы маған үлкен шабыт береді. Кейбірі менің өзімнің де бокстағы стиліме және өмірлік ұстанымыма әсер еткен. Бақытыма орай, мен сол сүйікті боксшыларымның үшеуімен – Роберто Дюран, Шугар Рэй Леонард және Геннадий Головкинмен жеке кездесуге мүмкіндік алдым. Сол сәтте олар мені қалай шабыттандырғандарын айтып, алғысымды білдірдім. Үшеуі де өте қарапайым, кішіпейіл әрі жүрегі таза азаматтар екен", – деп жазды Морли.
Міне, Дэн Морлидің көзімен тарихтағы ең сүйікті боксшылар тізімін ұсынамыз:
- Геннадий Головкин
- Роберто Дюран мен Гарри Греб
- Василий Ломаченко
- Шугар Рэй Леонард
- Карл Фроч пен Микки Уорд
- Наоя Иноуэ
- Джо Луис пен Хулио Сесар Чавес
- Рокки Марчиано
- Алексис Аргуэльо
- Роман Гонсалес
- Марвин Хаглер
- Николино Локче
- Марсель Сердан
- Костя Цзю
- Маркос Майдана.
Айта кетейік, бүгінде Геннадий Головкин World Boxing ұйымының Олимпиадалық комиссиясын және Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетін басқарып отыр.