"Өзбектерден қашпау керек": Білікті бапкер қазақ боксшыларына кеңес берді

Бүгін, 17:10 / Ахмет Қанатұлы
Richard Pelham/Getty Images

Семейде бокстан Қазақстан чемпионаты аяқталды. Бірқатар салмақ дәрежесінде жаңа көшбасшылар анықталды, енді оларды алдағы жылы ірі халықаралық турнирлер күтіп тұр, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Алайда соңғы уақытта қазақ спортшылары кейбір жарыстарға, әсіресе Өзбекстан құрамасының үздіктері қатысатын турнирлерге барудан қашқақтап жүргені байқалды. Мұндай жағдай, мысалы, Варшавада өткен Әлем кубогы кезеңінде және басқа да жарыстарда болған.

Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов бұл үрдіске алаңдаушылық білдіріп, келесі жылы мұндайға жол бермеу керек екенін айтты.

"Ауырып жүрген адам тексерілмей, емделмесе, жазылмайды. Сол сияқты біздің боксшылар да өзбек спортшыларымен жекпе-жектен қашпау керек. Керісінше, олардың үздіктері қатысатын барлық турнирге барып, жиі кездесіп тұрған жөн. Сонда біздің жігіттер олардың да қарапайым адам екенін, жеңуге болатынын түсінеді. Мысалы, Ертуған Зейнуллинов Асадхужа Муйдинхуджаевты қалай жеңу керегін енді жақсы біледі", – деді Тұрсынғали Еділов.

Еске салайық, биыл қыркүйекте Ливерпульде өткен әлем чемпионатында Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары бес рет кездесіп, есеп 4:1 есебімен өзбек спортшыларының пайдасына аяқталған еді.

Тэгтер:

Бокс Қазақстан Өзбекстан Тұрсынғали Еділов