"Қалтасын тексеремін": Тоқтар Серіков ел естімеген шындығын ашып тастады

22 қазан, 2025 / Admin
ашық дереккөзден

Белгілі әнші Тоқтар Серік отбасындағы бала тәрбиесі туралы ойымен бөлісті.

Ол қазіргі заманның қауіп-қатеріне алаңдап, ата-ана ретінде балаларын әрдайым бақылауда ұстайтынын айтты.

"Балаларымның қалтасын үнемі тексеремін. Өйткені қорқамын – бір зиянды зат, темекі немесе басқа нәрсе табылып қалса ше? Қазір заман күрделі, баланы бақылау – ата-ананың басты міндеті", – деді әнші.

Сонымен қатар, Тоқтар балаларға бөтен адамдардан ештеңе алмауды және интернеттегі қауіптерден сақ болуды үнемі ескертіп отыратынын айтты. Әншінің жары, Бейбіт Сейдуалиева да бұл тәсілді қолдайтынын жеткізді.

Тэгтер:

Тоқтар Серіков