Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова туралы журналист Айнұр Асанберді көпшілікке беймәлім жайтты айтты.
Журналистің сөзінше, Гүлзира ханым немересінің есімін қою кезінде ерекше ой болғанын жеткізген.
"Гүлзира тәте: "Немерем Әміре Қайрат сияқты әнші болады" деді. Тіпті оның атын "Айрат" қойғысы келген екен, бірақ Заңғар келіспепті", – деп жазды Айнұр Асанберді.
Айта кетейік, Гүлзира Айдарбекова – белгілі продюсер, Қайрат Нұртастың анасы және шығармашылық жолында ұлын қолдап, қазақ эстранасына талай жас талантты тәрбиелеп қосқан тұлға.