Әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Ақтөбеге нағашыларына қонаққа келді. Қазақы дәстүрмен төрге шығарып, қонақжай көңілмен күтіп алған туыстары елдің ықыласына бөленді.
Желі қолданушылары бұл жаңалыққа тәнті болып, тек қарындасын емес, бүкіл Құдайбергеновтер отбасын мақтап жатыр. Көпшілік Димаштың анасының қолында жарқыраған соңғы үлгідегі айфон емес, қарапайым телефон болғанына ерекше назар аударған.
“Қарапайымдылық — нағыз байлық”, “Жұлдызды отбасы, бірақ шынайылықтан айнымаған” деген пікірлер әлеуметтік желілерде көбейіп кетті.