Әлеуметтік желіде актер Асылхан Төлеповтің қарындасының ұзатылуынан бейнежазба тарап, көпшіліктің назарын аударды.
Видеода арудың өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығып, сол халықтың дәстүріне сай киім киіп, иіліп сәлем салып тұрған сәті бейнеленген.
Көпшілік бұл көрініске қатысты түрлі пікір білдіріп, қыздың кімге тұрмысқа шыққанын талқылап жатыр. Кейбір қолданушылар оның кәріс азаматына, енді бірі қытай немесе вьетнам ұлтының өкіліне тұрмысқа шыққанын болжаған.
"Не болса да, бақытты болсын", "Бұрын тұрмыс құрған еді, кейін ажырасқан деп естіп едім", "Қытайға ма, әлде кәріске ме?" – деген пікірлер желіде жиі жазылып жатыр.