Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, ақын әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың жаңа видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, жұрттың ерекше ықыласына бөленді.
TikTok желісінде жарияланған бейнежазбада ақынның Қуат пен Жайна есімді жастарға ақ батасын беріп отырған сәті бейнеленген. Бұл әсерлі көрініс көрермендердің жүрегіне жылу ұялатып, желі қолданушыларының арасында көптеген жағымды пікір тудырды.
Көпшілік Мұхтар Шахановтың жасы ұлғайғанына алаңдаушылық білдіріп, оған амандық пен ұзақ öмір тіледі.
"Арыстанның қартайып әлсірегенін көру ауыр екен", "86-ның шындығын Кремль төрінде тұрып айтқан жалғыз адам. Алла күш-қуат берсін", "Қазақ тілінің, әділдіктің, шындықтың қорғаушысы ғой бұл кісі", "Қазақтың бақытына туған азамат!" – деген пікірлер легі толастар емес.